ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | 139
(1-151)

Бәдиүззаман Саид Нұрси Урфа қаласында, 1960-жылы наурыздың 23-күнi, Рамазан айы кезiнде бұл пәни жалғаннан өттi.

Осыдан кейiн де оның барлық шығармаларының жинағы халықтар арасына кеңiнен тарап, тамырлана түстi. Иманын сақтап қалу жолында Түркияда және басқа да көптеген шет мемлекеттер iшiнен Саид Нұрсидың миллиондаған iзбасарлары шығып, оның еңбектерiн аса құмарлықпен оқуда, шөлдеген рухын сусындатуда және жан-жаққа таратуда.

Рисале-и Нұрдың дәрiс ретiнде оқылуы, тәлiмi жайында Ұстазымыз Бәдиүззаманның көптеген өсиет сөздерi бар. Бiр кiтабында былай дейдi:

“....Ия, мен түсiндiм. Қазiр ойлап отырсам, бұрыннан берi лайық болмасам да маған берiлген “Бәдиүззаман” лақабы менiкi емес, қайта ол Рисале-и Нұрдың терең мағыналы есiмi болатын. Бұл есiм оның аудармашысына уақытша және аманатқа берiлген едi. Ендi, мiне ол уақытша аманат есiм нағыз иесiне қайтарылды....” Яғни ол Рисале-и Нұр шығармаларының мағыналы Бәдиүззаман (заманының таңғажайып, таңданарлық, теңдесi жоқ шығармасы) болғанын, мағыналы мәңгi Бәдиүззаман болып жалғаса беретiнiн осылай айтқан едi.

Дыбыс жоқ