Жасы он алтылар шамасына жеткенде Ван қаласында тұрып, әр түрлi ғылымдармен бiрге математика, география, химия, физика, тарих сияқты өте көп пәндермен шұғылданды. Сонымен бiрге күнделiктi шығатын баспа жаңалықтарын бос жiбермейтiн, әрине, сондықтан да бүкiл Ислам әлемiндегi жағдайлармен толық хабардар болатын.
Бiрде Ван қаласының әкiмi оған газеттен мынадай бiр қорқынышты мақала оқып бердi: Ұлыбританияның отар елдер жөнiндегi министрi Гладистон былай дептi,-“...бұл Құран, мұсылмандардың қолында тұрғанда, бiз олардың шын мәнiндегi билеушiсi бола алмаймыз. Не Құранды жою керек, не мұсылмандарды Құраннан айыру керек.” Әкiмге Саид Нұрси: “мен Құранның сөнбес және сөндiрiлмес бiр нұр екенiн әлемге көрсетемiн, әрi дәлелдеп беремiн,” деп жауап бердi және iске кiрiстi.
Осыдан соң ол Османлы Империясының астанасы Ыстамбұлдағы үлкен бiр қонақ үйге орналасып, есiгiне “Мұнда күрделi мәселелер жөнiнде барлық сұрақтарға жауап берiледi, сондай-ақ ешкiмге ешқандай сұрақ қойылмайды,” деп жазылған жарнама iлдi. Оған дiн мамандары, саясат өкiлдерi, баспа қызметкерлерi және т.б.өздерiне қажет мәселе жөнiнде көптеген ғалымдар тарапынан сұрақтар қойылып, көпшiлiк келе бастады. Барлық сұрақтары мен мәселелерiне қанағаттанарлық жауап алған ғұламалар оған: “таңданарлық, заманы-мыздың ғажайып адамы”- дегендi бiлдiретiн “Бәдиүззаман”- деген есiм бердi.