ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | 134
(1-151)

Айқасып дiнсiздiкпен, нақ отыз бес жыл танытып

шыдамдылық

Тарихында Исламның өте аз мұндай табандылық.

Уа, Нұршылар! Уа, Нұршылар! Уа, қымбатты бауырлар!

Разы болсын сiздерден әр кез Аллаh пенен Пайғамбар!

Ұстаз Бәдиүззаман Саид Нұрсидың қысқаша өмiрбаяны

Ислам қауымына ғана емес, бүкiл жер жүзiнде әлемдiк құрметке ие болып, атағы кең тараған оның еңбектерiн жер-жерлердегi жұртшылық аса құмарлықпен оқып, тәлiм алған “Рисале-и Нұр” атты шығармаларымен белгiлi болған Бәдиүззаман Саид Нұрси кiм едi? Өз өмiрiн қайда және қалай өткiзген екен? Iзгi мақсаттарына жету үшiн қаншама қуғындар мен қамауларды бастан кешiрiп, зәбiр шегуiнiң жөнi бар ма едi?

Оның өмiрiн кеңiнен көрсету және толық баяндау мүмкiн емес. Сондықтан бiз де оның өмiрiнiң, тек теңiзден тамшы алғандай, кейбiр айта қаларлықтай айшықты да маңызды кезеңдерiне тоқталмақпыз.

Дыбыс жоқ