Ардақты Ұстазымыз, осы қысқа тiлiмiзбен сiзбен бiрге иман жолында, Аллаh жолында, Құранның жолбасшы болуымен Хақтың ақиқатын қабыл етуiмiз арқылы бұл ғасырдың ең бақытты жандары екенiмiзге сенемiз. Өйткенi бүгiн бiр шәкiрт деп қараған өз болмысыңыз уақытша емес. Қайта Аллаhтың алдында және бiздер үшiн мәңгi. Өйткенi Аллаhты тану жолындағы жүректерiмiз иман қуатымен нығаюда. Бұл қуат бiздердi Аллаh жолынан, Пайғамбарымыз Рәсулi Әкрам Ғалейhиссалату Уәссәламның жолынан және Нұрлардан айырмайтын Иләhи бiр қуат деп бiлемiз, иншаллаh.
Аллаhтың қалауымен жүректерiмiзге Рисале-и Нұр мен Нұрлар берген күш-қайратпен осы хатты жаздық. Сiз Ұстазымызды науқас күйiнде қатты мазалағандықтан қателерiмiздi кешiруiңiздi өтiнiп, Жәнабы Аллаhтан шипалар сұрап, Миғраж114 түнiңiзбен құттықтаймыз.
Дұғаларыңызға өте мұқтаж Кониялық әйелдер атынан Гүлсiм, Алмас, Пердеуiс, Мәдиха, Айша, Қадиша, Фатима, Салиха, Шүкран, Мүшәррәф, Захира, Айша және Нұран.