Үйлерiмiз Нұр медресесiне айналғанын осы хатымыз арқылы бiлдiрiп, сiздей Ұстазымызға дейтiнiмiз: сiз дiнсiздердiң қолынан бiздi құтқарып қалдыңыз. Құтылуы-мыздың куәлiгi ретiнде қолдарымызға иман дәлелдерiн ұсындыңыз. Сiздiң қызметiңiз арқылы бiздер жастықтың мастығынан бас тартып, Нұрларға ұмтылдық. Бұл жерлер-де ғана емес, жалпақ дүниеде Нұрлармен бiрге жеңiстен жеңiске жететiнiмiзге бек сенiмдiмiз. Бұл жеңiс - Аллаhқа жеткiзетiн Нұрлар жеңiсi. Бұл жеңiс - Бақыт Ғасырында Пайғамбарымыздың ашқан нұрлы жолын жалғастырғандардың жеңiсi. Бұл жеңiс - иманның жеңiсi, Исламның жеңiсi. Ал жеңiлiске кешегi мен бүгiнгi дiнсiз қоғамдар ұшыраған. Иманды жүректердi ешқандай күш жеңе алмайтындығына бүкiл әлем куә болуда. Рисале-и Нұрдың иман қызметiндегi жеңiсi мұны тағы да бiр рет көрсеттi.
Сiз болмасаңыз бiз бұл ғасырдың пәлекеттерiнен құралған жалған әсемдiктерiн мәдени даму ғасырының талабы деп, жүректерiмiзден орын беретiн едiк. Рухымызды алмастай дәрежесiнен қап-қара көмiр дәрежесiне түсiрген болар едiк. Бiрақ Жәнабы Хақ сiз арқылы бiзге Нұрларымызды тарту еттi. Сондықтан Нұрлардың сәулесiмен қараңғы түндердi сейiлтiп, әлгi сұмдардың мәдениетiнiң аурулары мен жамандықтарын ап-анық көрудемiз. Аллаhтың осындай жәрдемiне мадақтау айтып, шүкiр етемiз.