ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | 127
(1-151)

Құранымыз бен иманымыздан аластатылып, мақрұм қалған сол бiр қараңғы күндерде және адасушылықтың құрдымына итерiлiп, хабарсыз мәңгi зындандар мен өлiмге душар етiлгелi тұрған сол бiр қаралы күндерде қолыңыздағы Құранның нұрлы да алмас қылышымен келiп, Барла жайлауына орналастыңыз. Дiнсiз философия мен атеисттердi бас идiрiп, жауырынын жерге тигiздiңiз. Барша қара ниеттiлердi жеңiп, коммунизм мен сионизмнiң113, масондардың жазылмастай етiп бел омыртқасын үздiңiз.

Жәнабы Хақ сiздi, сайып келгенде Рисале-и Нұрды сыйлап, имандыларды шынайы өшпес иманның шыңына жетiп, мәңгi қараңғылықтың орнына мәңгi бақытқа жетулерi үшiн тарту еткенiне ешбiр күдiгiмiз жоқ. Сiздi Қасиеттi Пайғамбарымыздың жиырмасыншы ғасырдағы елшiсi және Құран жамағатының құтқарушысы деп атасақ, бiр ақиқаттың айқындалуына себепшi болдық деген сенiмдемiз. Дiнсiздер Құранды көк мылжыңдардың философиясы деп оның ақиқатын жоққа шығарғылары келдi. Алайда Рисале-и Нұр Құранға бiр айна екендiгiн көрсетiп, бiздей қарапайым халыққа да осы кiтаптың Аллаh заңы екендiгiн, әрi тек осы заң ғана мәңгi бақытқа жеткiзушi бiр көсем екендiгiн ап-айқын дәлелдеп берген. Кешегi күнi бiлмейтiн едiк, бiрақ күнi бүгiн ұлы дiнiмiздiң, әрi барша Иләhи дiндердiң таңдаулысы, бүкiл жандардың азығы болып табылатын осы Күндi жоққа шығарушы-лардың кезiнде сондай бiр ниет туған: тiптi мұншама қара және арам ниет не перғауындарда, не Әбу Жәhилдерде болмағанын түсiндiк.

Дыбыс жоқ