Бiз болсақ, олардың iзiнен сүрiне-сүрiне жүрiп келiп, сонау алдыңызға дейiн кiру үшiн осындай қысқа да кедей тiлiмiзбен ойымызды сiзге жаздық. Ақиқат шейiттерi болған Хафыз Әли мен Хасан Фейзи (Рахматуллаhи ғалейhимә)-ның құрметтерi үшiн бiздiң осы батылдығымызды көңiлiңiзге қош көрiп, ұнатуыңызды өзiңiзден сұранамыз.
Измир, Маниса қалалары мен маңай аудандарындағы перзенттерiңiз бен ақыреттiк әпке-қарындастарыңыздың атынан: Әсима, Фатима, Леман, Айша және Нәйла.
Сiзге қалайша Ардақты Ұстазымыз деп шын көңiлден сенбеймiз? Рисале-и Нұрға қалайша Нұрларымыз деп жан-тәнiмiзбен сенбеймiз? Еш сенбеуге мүмкiншiлiк бар ма? Жо-жоқ.
Ия, Ардақты Ұстазымыз, нұрлы жолыңыздың Сүйiктi Пайғамбарымыз Ғалейhиссалату Уәссәламға апаратынын Нұрларды дамылсыз оқу арқылы аңғарудамыз.
Рисале-и Нұр - Құраны Кәрiмнiң хақ кiтабы, шынайы тәфсирi әрi бiз түсiнiп, ойлана алатын ақиқаттардың жұлдызы екендiгiне бүкiл дүние куә. Рисале-и Нұр шығармалары - бақытты өмiрге қадам бастырып, оның нұрларын жаралы жандарға жаудырып, күнi бүгiнгi ғасырдағы және болашақтағы адамзатқа “мiндетiңдi орында!” деп айтқан Иләhи мұғалiм.
Türkçe
English
العربية
Pyccĸий
français
Deutsch
Español
italiano
中文
日本語
Кыргыз
o'zbek
azərbaycan
Türkmence
فارسى