Сiз Құран мен иман қызметi үшiн барыңызды құрбан еттiңiз. Душар болған соншама аяусыз зұлымдықтар мен қорлықтарға, ұшыраған қаншама бәле-жалалар мен қасiреттерге мойымай, асқан сабырлық көрсетiп, шыдам-дылық таныттыңыз, Дiн мен мұсылманшылықтың қас жауларының аяусыз қастандықтарына қарамастан, мiндетiңiзден ешқашан бас тартпадыңыз. Сiз талай соттарда Исламды еш қорықпастан ақтап, қорғап шықтыңыз. Қорғаумен қатар мынадай ұлы, екi дүниенiң бақытына жетерлiк дара шығарманы жарыққа шығардыңыз. Әрi иманға ең ұлы шақырушы қызметкер болдыңыз. Осылайша бүкiл адамзат баласына соңғы рет Хақ дiндi жан-жақты және егжей-тегжейлi, бар ұлылығымен, және бүкiл қуаты мен анық-қанығымен бүге-шiгесiне дейiн танытып, таратып, түсiндiрдiңiз. Осындай қасиеттi мiндет арқалағаныңызды жария еттiңiз... Бұл күресiңiз сiз үшiн құтты болсын!
Бұл мiндеттi атқарып жүрiп мейiрбандықтың өрелi шыңына жеттiңiз. Бiрнеше байғұстың жәннатқа кiруi үшiн бар ынтаңызбен жәhаннамға кiруге дайын екенiңiздi айттыңыз. Мұны да дүниеде еш кездеспейтiн және инквизицияның112 зұлымдықтарынан да бетер жан шошырлық азаптар мен қан қақсатар қасiреттерге сабыр сақтап, төзiмдiлiк таныту арқылы дәлелдеп бердiңiз.
Сiздiң Рисале-и Нұрдағы әсерлi сөздерiңiз бiздiң рухымызға, ықыласымызға, мiнез-құлқымызға қатты әсер етiп, көкiрегiмiзде сайрауда. Тек қана сол шығармалардың патшасы болған “Сөздер” кiтабы қыруар оқылып, оқытылуға лайық. Сондай-ақ, мұндай шығарма жазу, көптеген ойшылдар мен ғұламалардың қолынан келмейдi,ауыздарынан түспеген, әрi мүмкiн емес десек, тым әсiрелеу емес, әбден орынды екенiне көзiмiз жеткен.