Сiз адамдарды Аллаh пен Рәсулуллаh110 жолына шақырып, адамның негiзгi ақиқатын түсiнетiн және көретiн әрбiр жасқа, қарияға, қараңғы халық пен оқымыстыларға толық мағынасымен түсiндiруге әрекет жасаған және жеңiске жеткен иман қызметкерiсiз.
Мiне, сондықтан бұл ғасырда Құраны Кәрiмнiң мағыналық жағынан мүғжизесi болып табылатын Рисале-и Нұрға бүкiл жан-тәнiмiзбен, бар күшiмiзбен ұмтыла жабысып, оны қасиеттеп, қадiр тұтып, ардақтап қастерлеймiз. Бiздiң Рисале-и Нұрға деген осындай ықыласымызға кедергi болар дүниеде ешбiр күш жоқ. Тiптi олай ойлау да мүмкiн емес. Өйткенi ол - көңiлдердiң үстiне құрылған имани байланыстылық. Бiз сiздiң және Рисале-и Нұрдың жолынан ешқашан айрылмаймыз. Әрi бұл теңдессiз Нұр шығармаларын әрдайым оқып, пайдаланамыз иншааллаh. Өйткенi ол - жер бетiнде ешбiр теңдесi жоқ, әрi бұдан кейiн де теңдесi болмайтын иманның сарқыраған бiр теңiзi және тәухид111 қазынасы. Мiне, бiзге осындай шығармалар жазып сыйлаған сiздей ардақты, аса қадiрлi ұстазымызға бiз мәңгi борыштымыз және ризамыз.