Өзiмiз байланған қасиеттi дiнiмiз туралы жетерлiк дәрежеде оқып үйрену үшiн, болашағымыз бен мәңгi бақытымызды ашу үшiн дiни шығарма iздеп жүргенде және осы ғасырдың азғындап бұзылып кеткен, әрi алдының алынуы өте қиын болған күпiрлiктiң, азғын жолдың құрдымынан құтқаратын нұрлы, жарқын шығарма iздеп, қарастырып жүргенде, ақыры Жәнабы Хақ сәтiн салып, жарылқап бiзге нәсiп еткен Рисале-и Нұрды таптық және оқыдық. Ондағы қасиет басқа ешқандай шығармаларда болмағандықтан, оның теңдессiз екенiн түсiндiк.
Өйткенi Рисале-и Нұр қаралы да жаралы жүректердi Ислам нұрымен жарыққа шығаратын және бiздей бейшараларды қараңғылықтан нұрға, адасушы-лықтан ақиқатқа, дүние мен ақыретте бақытқа, саламат-тылыққа жеткiзетiн әр жақты жолбасшы және ұлы тәрбиешi.
Бiздей дәрменсiздердi осындай шығармаларды оқуға қол жеткiзiп, мерейiмiздi өсiрген Жәнабы Хаққа мыңдаған, миллиондаған мақтаулар мен шүкiрлер айтамыз. Бүкiл дүниенiң ғасырлар бойы күткен нұрынан пайдалану үшiн жан-тәнiмен ұмтылып, бiрақ қолдары жете алмаған осындай бiлiм қазынасын бiздерге оқуды нәсiп еткен Ардақты Жаратушымызға шүкiр ретiнде өмiрiмiздiң соңына дейiн басымызды сәждеден көтермесек те орынды ..... Бiздiң ақ тiлегiмiз: Жәнабы Хақ бiздердi Рисале-и Нұрдан және сүйiктi Ұстазымыздан өмiр бақи айырмасын. Әмин, әмин, әмин....