ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | 125
(1-151)

Рисале-и Нұр бәрiнен бұрын адамдардың көзiн ашып, көкiрегiн оятатын дәрiстер бередi. Ақыретке деген ой-өрiстi, жауапқа тартылу, есеп беру пiкiрiн тiрiлтедi. Бұл дүниенiң өзiнде-ақ бақыттылар мен адасқан бақытсыздардың орындарын тағайындайды.

Бiздер де Рисале-и Нұрдың осы дәрiстерiнiң ықпалымен пәни өмiрдiң уайым-қайғыларын сезбейтiндей мәртебеге көтерiлiп, мерейiмiз артуда. Оны оқу арқылы Аллаhтың разылығына бөленетiнiмiзге және Әлемнiң Мақтанышы Ардақты Пайғамбарымызбен әрi Оның сүйiктi өкiлi, шынайы аудармашысы болған сiздей аяулы Ұстазымызбен қауышатынымызға бек сенiмдiмiз. Әрi өмiрiмiздiң соңғы минуттарына дейiн бұл жолда барлық нәрселердi пида етемiз. Әрi алдымыздан шыққан кез-келген пәлекетке Аллаhтың рұқсатымен, Ұстазымыздың жәрдемiмен қарсы тұрып, жеңемiз. Әрi бiздi осы жолдан адастырғысы келген бейқам надандарды ешқашан тыңдамаймыз, иншааллаh.

Уа, сүйiктi де қымбатты Ұстазымыз!

Бiз сiздiң және Рисале-и Нұрдың қадiр-қасиетi мен қымбаттылығының бiр зәрресiн мақтап жеткiзе де, таныта да алмаймыз. Өйткенi шамамыз келмейдi. Рисале-и Нұр мен сiздiң мақтауыңызды жiгерлi шәкiрттерiңiз ғана отты тiлдерiмен, ыстық ықыластарымен анық түсiндiре алады.

Дыбыс жоқ