ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | 128
(1-151)

Бүгiн басылып отырған мына өмiрбаяныңызда да баяндалғандай: сiздей Ардақты Ұстазымыз Бәдиүззаманға жасалған зұлымдықтар Барла аулына жер аударылумен басталады. Одан Ыспартаға, Ескiшаhарға, Кастамоныға, Денизлiге, Емирдағына және Афьенға сырттай қарағанда дiн дұшпандары тарапынан жер аударылдыңыз. Бiрақ шын мәнiнде сiз - иман жолындағы мыңдаған мұсылмандар-дың, ақиқатқа жаны құмар мектеп қабырғасындағылардың көңiлдерiн ашып, нұр ұялатып, оларды құтқаратын Раббани қызметкер едiңiз. Оларға жол сiлтейтiн нағыз ұстаз болып, үлгi көрсеттiңiз. Болашақ ұрпақты мәңгi құрдымға итеру үшiн әрекет еткендер сiздей Ұстазымызға неше мәрте у берген. Алайда мұндай улар олардың қанқұйлы қылмыстарының орасандығынан үркiп, әсерсiз қалып, шипалы затқа айналып, кәпiрлер мен имандыларды айырып беретiн куәлiк болған.

Сiздей ардақты ұстазымыз бiздi құтқару үшiн тағайын-далғаныңыздан, Аллаhтың рұқсатымен дар ағаштарының өзi жарнама тақталарына айналды. Кеше мыңдаған болған, бүгiн миллионнан асқан қария шәкiрттерiңiз бен жас қаhарман ағаларымыз Анкара сотында ұлы мақсат-тары мен көркем мiнездерiн барша мұсылманшылық атынан дәлелдеушi үлгi болды.

Дыбыс жоқ