Анкараның N1 қылмысты iстер сотының мәжiлiсiнде ресми басшылар нұрлы бауырларымыздың iсiн қарады. Кония қаласынан Нұршы үш әйел болып сотқа қатыстық. Жүздеген әйел-еркек бауырларымызбен бiрге Хақтың ақиқатын көзiмiзбен көрiп, куә болдық. Бiр адвокат ағамыздан кiм екенi, не iстейтiнi жөнiнде сұралған кезде ол: “Рисале-и Нұрдың қызметкерiмiн” деп жауап бердi. Рисале-и Нұрды қалай танып, оқығанын айта келiп: “1952 жылы Нұрларды таныдым, 1954-те қызметке бастадым, 1957-де заң факультетiн бiтiрiп, өмiрiмдi Нұрлар қызметiне бердiм,” дегенде көз жасын төгiп “Аллаh,Аллаh” деп айтудан басқа шарамыз қалмады. Сiздей ардақты Ұстазымыздан, әрi Нұрлардың қызметiнде жүрген ағаларымыздан Аллаh разы болсын.
Сiздiң берекелi дұғаларыңыздың құрметiне Хақ тағаланың жарылқауымен Конияда Нұрларды оқып жатқандар күннен күнге артып жатқанын сiзге сүйiншiлеймiз. Иман құтқару жолындағы жеңiсiңiздiң куәсi болып, сiздi құттықтау мәртебесiне бiздi жеткiзген Хақ тағалаға қаншама шүкiр етсек те аз. Кешегi Жүсiп (Ғ.С.)-ның медресесiне ұқсайтын түрмелердiң торларын Нұрдың сәулелерiмен балқытып, нан сияқты үйлерiмiзге енуiне себепшi болған iзбасарларыңыз мыңдап емес, жүз мыңдаған емес, миллионнан да асып бара жатқанын өз алдына естiп жатырмыз, куә болудамыз.