ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | 131
(1-151)

Бұл ғасырдың небiр сұмдықтарын, небiр қорқыныш-тарын көру үшiн тек қана шынайы иманның дүрбiсiмен қарап, анықтауымыз қажет екен. Небiр азғындықтарды сұлу етiп көрсеткен мына қайырсыз мәдениеттiң құрдымы, адасушылықтың тұңғиығы иман дүрбiсiн жүрегi мен көздерiне тақап қарамағандарды жұтып қояр деген оймен бiздей Нұр шәкiрттерi қатты уайымдаған едiк. Бiрақ Нұр шығармалары Еуропалықтардың да жүрегiн жiбiтiп, күннен күнге неше түрлi құмарлықтардан арылтып жатқанын келген хаттардан оқып бiлудемiз.

Ендi бiздер бүгiн иманның Нұрымен былай деймiз:

Әй, жиырмасыншы ғасырды мәдени даму ғасыры деп жария еткен дiнсiз философия! Әй, дiнсiз атеисттер, масондар мен қызыл коммунисттер! Бiз сендерге бұл отанның әсем жерлерiнен, Орта Анатолиядағы Хазретi Мәулананың жатқан жерiнде тұрып айтамыз: бiздер Хазретi Мұхаммед (С.Ғ.У.)-ның үмбетiмiз, Мәулананың ұрпақтарымыз және Бәдиүззаман Саид Нұрсидың шәкiрттерiмiз. Сендер бiздi жақсылап танып алыңдар. Сендердiң мәдениеттерiңдi өткен шақтың көрiне тыққанбыз. Оның орнына жап-жаңа жиырма бiрiншi ғасырдың күнi туып келедi. Бұл күн - мұсылмандардың күнi, Нұрлардың күнi болып туады, иншаллаh.

Дыбыс жоқ