ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | 121
(1-151)
Нұршы әйелдердiң атынан кемшiлiгi көп Шәhида

(“Әйелдерге ақ жол” кiтабына тiркелсiн)

(Ұстазымызды Қасиеттi Рамазан айымен құттықтай отырып Измир, Маниса қалалары мен аудандарында Рисале-и Нұрға маңызды, зор әсерлi қызмет еткен және таралып, әрi әйелдер арасында қызу қолдау тауып, үлгiлi болған осы хат тура Ыстамбұлдағы Нұршы әйелдердiң жазған хаттарына ұқсайды. Әрi Измир, Маниса қалаларында және аудандарында марқұм Хафыз Әли, Хасан Фәйзи, Халил Ибраhим (Рахматуллаhи ғалейhим) деген қаhармандар сияқты әйелдер арасынан да шынайы Нұр қаhармандары шыққанын көрсетiп отыр.)

Уа, жүрегiмiздегi шексiз сүйiспеншiлiгiмiздi жаулап алған шын құрметтi, өте қадiрлi және аса сүйiктi де ардақты Ұстазымыз!

Басталуымен бiздi шаттыққа бөлеген Қасиеттi Рамазан айыңызды бар жанымызбен, шын көңiлден құттықтаймыз.Қателерiмiздi кешiрiп, бiздей шарасыздарды Нұр шәкiрттерiнiң қатарына қосып, қабыл алуыңызды сұранамыз.

Уа, жанымыздың азығы, жүрегiмiздiң мәңгi сөнбес нұры, рухани және материалдық дерттерiмiздiң шипасы болған Ұстазымыз! Уа, Құраны Мүғжизул Баянның ұлы, жарқын, пәк нұрынан тараған және барша адамзат дүниесiн қараңғылықтан жарыққа шығаруға құдiретi жететiн ұлы шығарманың аудармашысы болған Ұстазымыз!

Дыбыс жоқ