1919-жылы Ыстамбұл қаласын ағылшындар басып алғаннан кейiн Бәдиүззаман Саид Нұрси ағылшындардың саясатын, үгiт-насихатын әшкерелейтiн шағын кiтапша жазып шығарды.
Бұл батылдыққа жауап ретiнде жаңа өкiмет Бәдиүззаман Саид Нұрсиды жаңа астана - Анкараға шақырды. Парламент мәжiлiсiнде сөз сөйлеген ол, сол жерде ғибадат және бес уақыт намаз жайында үгiт қағаздарын таратты.
Үкiмет басшысы Мұстафа Кемалға бұл iс ұнамай, қатты ренiш бiлдiре: “сенi бұл жерге жоғарғы ой-пiкiрлерiңдi баянда деп шақырдық. Сен келдiң, намаз туралы айтып арамызды ажыраттың“-дейдi. Оған Саид Нұрси: “паша, паша! Бүкiл әлемдегi ең ұлы ақиқат - иман, иманнан кейiн намаз. Намаз оқымаған адам қиянат жасаған болады, қиянатшылдың сөзi болса, тыңдалмас“-дейдi
Жаңа үкiметпен келiсе алмаған ол,Ван қаласына қайтып келдi. Бiрақ мұнда тұрақтай алмады. Ислам дiнiнiң қас-жауларының жасырын, сатқындық әрекеттерiнiң нәтижесiнде оны Ыспарта қаласының Барла аулына жер аударды.Бәдиүззаман Саид Нұрси еңбектерiнiң
негiзiн осы кезеңнен бастады. Барлық адамзатты, әсiресе мұсылман қауымын адасушылықтан, атеизмнiң құрдымға апарар терiс ықпалынан арашалау мақсатымен “Рисале-и Нұр“ атты кiтаптарын жаза бастады. Осыдан кейiн-ақ бүкiл әлем Құран сәулесiнiң шапағымен нұрлана түстi.