ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | 144
(1-151)
31 Рубубиет - Аллаhтың барлық жерде бүкiл жаратылыстарға рызық беруi, азықтандыруы, тәрбиелеуi және қожайын екенiн көрсетiн тың iс-әрекетi, билiгi.
32 Иләhи - Аллаhқа тән.
33 Þша дөңi - Хазретi Мұса пайғамбардан (Ғ.С.) кейiн пайғамбар болған Þша (Ғ.С.) пайғамбардың мазары орналасқан дөң.
34 Фузули Бағдади - түркi әдебиетiнде өте әйгiлi және ұлы ақынның есiмi. Түркi, араб, парсы тiлдерiнде көптеген шығармалар жазған, әсiресе Ләйлә-Мәжнүн ýпосымен әйгiлi болған ол, ХVI- ғасырда өмiр сүрген және 1555-жылы обадан қайтыс болған.
35 Хаким - әдiлеттi, ақ пен қараны айырып, үкiм шығаратын, әрi ешкiмдi араластырмай өзi шешетiн Аллаh.
36 Рахим - рақымына бөлеушi, мейiрiмдi, сақтаушы Аллаh.
37 Хаққаляқин - танып бiлудiң ең ұлы мәртебесi. Ең сенiмдi түрде ақиқатты көрiп, сезе бiлу.
Мәселен, оттың күйдiретiнiн, барлық сезiмдерiмiз арқылы сезiп көргенiмiз сияқты.
38 Ғылмеляқин - алдымен яқын: шүбәсiз, нақты және анық бiлу деген мағынада. Ғылмеляқин - iлiм арқылы бiлу. Айнеляқин - көзбен - көргендей бiлу. Мәселен, алыста бiр түтiн көрiндi. Ол жерде оттың бар екенiн iлiм арқылы бiлемiз. Мұны ғылмеляқин дейдi. Отқа жақындап, көзiмiзбен көрсек, мұны айнеляқин бiлу дейдi. Одан әрi жақындап барлық мүшелерiмiзбен оттың бар екенiн түсiнiп, оттың күйдiруiн т.б. сипаттарын бiлсек, онда мұны хаққаляқин деп атайды.
39 Әулие - өзiне емес, әрдайым Аллаhтың ырзалығына жетудiң амалын iздеген, құлшылықта, тақуада және тәрбиеде өте ұлы мәртебеге жетiп, Аллаhтың сүйiктi құлы болған жандар.
40 Саниы Хаким - әр iстi орынды түрде, әр жаратылысты белгiлi мақсатпен жаратушы, ұста болған Аллаh.
Дыбыс жоқ