Әрi иман: алдымдағы аузы ашылған қабiрдi және қабiрдiң ар жағында мәңгiлiкке тартқан жолды Құран нұрымен былайша көрсеттi: әлгi қабiр - үңгiр есiгi емес‚ қайта нұр әлемiнiң есiгi. Жол болса‚ мәңгiлiкке көз жұмуға‚ жоқшылық отанына емес‚ қайта баршылыққа‚ нұрлар отанына‚ мәңгi бақытқа апаратын жол екенiн көзiм толық жететiндей бiр сенiмде көрсеткендiктен‚ дерттерiме шара‚ әрi шипа болды.
Әрi иман: қолымдағы титiмдей амал-әрекетке мұршасы келетiн болмашы аз ғана еркiмдi алып‚ орнына сансыз дұшпандар мен қараңғылықтарға қарсы шексiз құдiретке арқа сүйеу үшiн және шексiз мейiрiмдiлiк пен байланысу үшiн әлгi аз ғана еркiмнiң қолына бiр куәлiк тапсыруда . Тiптi‚ иман әлгi аз ғана еркiмнiң қолында бiр куәлiк болуда. Сондай-ақ‚ манағы аз ғана ерiк делiнетiн адамның қаруы‚ расында қысқа‚ кемiс және әлсiз. Алайда‚ мысалыға бiр жауынгер болмашы күш-қуатын отан үшiн қолданған кезде өзiнiң күш-қуатынан мыңдаған есе артық iстер атқарады. Сол сияқты иман сырымен әлгi болмашы аз ғана ерiк Жәнабы Хақ тағала46 атына ‚ оның жолына қолданылса ‚ бес жүз жылдық кең жәннатқа да қолы жетуi мүмкiн .
Әрi иман: өткен шақ пен болашаққа ықпал ете алмаған әлгi аз ғана ерiктiң тiзгiнiн дененiң қолынан алып‚ жүрек пен рухқа тапсырады. Рух пен жүректiң тiршiлiк алаңы дененiкi сияқты бүгiнгi күнге ғана тәуелдi болмағандықтан, көптеген жылдарды өткен шақтан және көптеген жылдарды болашақтан қойнауына алып‚ кеңейедi.