ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | 39
(1-151)
Сондықтан әлгi аз ғана ерiк аздықтан құтылып‚ молшылыққа кенеледi. Өткен шақтың ең терең сайларына иман қуатымен түсiп‚ қайғылардың қараңғылықтарын сейiлтетiнi сияқты‚ тағы да иман нұрымен болашақтың ең биiк шыңдарына шығып‚ қорқыныштардың тамырын шабады.
Сонымен ‚ әй‚ мен сияқты қарттықтың азабын шеккен қариялар мен қартайған әйелдер ! Құдайға шүкiр‚ расында бiз иманды жандармыз және иманда да осындай нұрлы‚ ләззатты‚ сүйiктi‚ тәттi қазыналар бар. Әрi расында қарттығымыз бiздi сол қазынаның iшiне терең бойла-тып‚ жол көрсетуде . Әлбетте иманды кәрiлiгiмiзге шағым емес‚ қайта мың-мыңдаған рахмет айтайық.
Дыбыс жоқ