Ендi Ардақты Зейнептi әйелдiкке алу мәселесiне келейiк:
Жиырма бесiншi сөздiң бiрiншi бөлiмiндегi үшiншi тармағының мысалдарынан:
аятына байланысты былай делiнген: адамдардың қоғамдық тобына қарай‚ бiр ғана аят сан түрлi жақтармен әрқайсының түсiну жөнiне арнаулы бiр мағынаны бiлдiредi.
Бiр тобына сол аяттан тиесiлi мағына мынадай:
Рәсулi Әкрам Ғалейhиссалату уәссәламның қызметкерi немесе “Балам!” деген сөзiне лайық болған Зайд (Р.А.)‚ дәйектi мәлiметтерге қарағанда‚ өзiнiң мойындауы бойынша намысшыл әйелiн өзiне рухани жағынан тең көрмегендiктен талақ қылған. Яғни Ардақты Зейнеп жоғары қасиеттi‚ мiнезге бай және Пайғамбарға әйел бола алатындай табиғатта жаратылғанын Зайд (Р.А.) көрегендiгiмен байқаған. Әрi өзi оған күйеу бола алмайтынын бiлген. Өз табиғатына сай еместiгiн көрiп, рухани лайықсыздыққа себеп болғандықтан некесiн бұзған.
Сосын Аллаhтың әмiрiмен Рәсулi Әкрам Ғалейhиссәлату уәссәлам алған‚ яғни
бойынша‚ ол неке - уәхимен55 келген келiсiм арқылы болғанына дәлел болумен қатар‚ әдеттегiден ерекше‚ әдет-ғұрып пен сырттай қарым-қатынастан үстем түрде‚ тек тағдырдың әмiрiмен қиылған неке едi. Рәсулi Әкрам Ғалейhиссәлату уәссәлам да тағдырдың осы әмiрiне бой ұсынған және мәжбүр болған‚ өз қалауымен алмаған.