Табиғат Рисалесі | Табиғат Рисалесі | 1
(1-9)
Табиғат Рисалесі

(Бұл, он жетінші Сәуленің он алтыншы мақаласы болатын, бірақ маңызды-лығына орай "Жиырма үшінші Сәуле" атанды. "Табиғатқа" негізделген бұл трактат "сенімсіздіктің идеясын", демек, Құдайдан безген атеистік ұғымды түбірлей бекерге шығарып, көзін жоюда, күпірліктің ірге тасын тас-талқан етуде.)

Ескерту

Бұл мақалада, жаратылыстанушылардың Құдайдан безген тобы жолының ішкі арқауы, оның мәнісі қаншалықты бос әрі бұрыс, өте қисынсыз әрі ақымақтық екендігі тоқсан аттың қуаты бар тоғыз қайырмамен баяндалады. Мұндай қисынсыздықтар басқа кітапшаларымда едәуір түсіндірілген; бүл мақала қысқа болғандықтан, кейбір сатыларды аттап өттік. Осыған орай бірден-ақ мынадай ой туады: "Неліктен мәшhүр философтар, көрінеу көзге осы бір ап-анық та қарапайым жөнсіздікті мақулдап сол жолды таңдады екен?"

Иә, олар өз ілімдерінің ішкі мәнін көре алмаған. Шынтуайтына келгенде, олардың доктриналарының шын мәні, мақаланың бас жағында баяндалған жөнсіз де қисынсыз әрі ұсқынсыз,(Сілтеме) ертегі тәрізді болмашы нәрселер. Бұған күмәнданушы-ларға өте анық та, бұлтартпас айғақтармен жан-жақты дәлелдеп беруге дайынмын.

---------------------------------------------------------------

(Сілтеме) Бұл мақаланың жазылу себебі, Құдайдан безген кәпірлердің тым қатігез әрі оспадарсыз түрде, өздерінің ақылдары жетпейтін нәрселерге "аңыз" деп, атеизмді табиғатпен ұштастыра келіп, Қасиетті Қуранға тіл тигізулері болды. Жаныма қатты батқан бұл сұмдыққа шыдай алмай қолыма қалам алдым. Сөйтіп, Аллаhу Тағала, әлігі хақ жолынан тайғандарга менің қаламым арқылы күйрете соққы берді. Шынтуайтына келгенде "Рисалә-и Нур" қасиетті, епті де нәзік сөз.

Дыбыс жоқ