Табиғат Рисалесі | Табиғат Рисалеci | 10
(10-38)

Міне, енді сен де түсінген шығарсың, атеистік ұғым сондай бір үғым, іші тола қисынсыздықтар мен аңыз ертегілер. Ей, қасарысқан имансыз! Үялсаңшы... Бас тарт бұл адасушылықтан!

Үшінші жол: "Иктизатhү-т табиғат", ягни табиғат муқтаждық туғызу арқылы зат жасайды. Бұл көзқарастың да көптеген жөнсіз жақтары бар. Мысал ретінде үшеуін баяндалық.

Біріншісі: Әлемдегі болмыстардың, әсіресе жан-жануарлардың жаратылыстары зерделі де хикметті-ақ. Осы бір жаратылысты Шәмс-і Әзәли өзінің тағдыр және құдірет қаламымен жазды дегенді жоққа шығарып, түйсіксіз соқыр, мылқау әрі меңіреу табиғат, немесе басқа бір күш жаратты дейтін болса, ол кезде табиғат, барлық нәрседе өзінің толассыз машиналарын, баспаларын құруы керек, не болмаса барлық нәрсеге әлемді жарата алатын әрі басқара аяатын бір қудірет пен хикмет беру қажет. Себебі, мәселен, күн сәулесі жер бетіндегі кішкене шыны сынықтарында шағылысып жалт-жұлт етеді, егер әлігі үлгі тектес шағылысқан кішкене күндер аспандағы нағыз күнге берілмесе, онда иненің көзіндей шыны сынықтарының ішінде табиғи, кәдуілгі яғни күннің қасиеттеріне ие, болмысы шағын мағынасы терең күннің болмысы бар екенін және бір емес шыны молекулаларының саны қанша болса сонша, табиғи күн бар екенін мақұлдауға тура келеді... дәл осы мысал сияқты жаратылыс атаулы мен жан-жануарларды тікелей Шәмс-і Әзәлидің есімдерінің көріністері деп санамаса, онда әрбір болмыста әсіресе әрбір жан-жануардың бойында асқан қудірет пен билік, шексіз ілім мен хикмет әрі қудірет бар деп яғни әрқайсысының ішінде бір тәңір бар екенін мойындау керек. Мундай угым әлемдегі аңыздардың ең қисынсызы. Бүкіл әлемнің Жарату-шысының өнерін; қияли, мән-мағынасыз, қараңғы табиғатқа беретін адам, әлбетте хайуаннан жүз есе хайуан, мың есе санасыз.

Дыбыс жоқ