Табиғат Рисалесі | Табиғат Рисалеci | 11
(10-38)

Екінші ақымақгершілік: Егер мына көз алдымыздағы сұлу да әсем, дәйекті де шебер, әрі хикметті жаратылыстар шексіз Қадир, Хаким біреуге берілмесе, мәселен табиғатқа берілсе, онда ол, әр уыс топыраққа Еуропаның баспалары мен фабрикаларының саны шамасында машиналар мен фабрикалар қурсын да оған отырызылған сансыз гүлдерге қайнар көз бен мекенжәй болып жеміс беруіне, сондай-ақ түрленіп өркен жаюына себеп болсын. Өйткені, топырақ толы құтыға кезекпен отырызылған сан-алуан тұқымдардың бір-бірінен өзгеше түр, өзгеше түс өзгеше бейне алулары, бізге әлігі бір уыс топырақта гүл өндіру қабілеті бар екенін көрсетеді. Егер бұл құбылыс Қадир-ы Зүлжәләлға берілмесе, ол кезде манағы қутыдағы топырақтың ішінде әрбір гүл үшін арнайы табиғи машина болуы керек, әйтпесе гүл шықпас еді. Өйткені тұқым атаулы тектес, олар қандай да болмасын ұрық пен жумыртқа тәрізді сутек, оттек, көмірқышқыл және азоттан қуралады. Осылардың ретсіз, бей-берекет қамыр сияқты қоймалжыңнан қуралып, әрі ауа, су, жылу, жарық сияқты қарапайым әрі санасыз, айдаған жаққа кете беретін нәрселер арқылы болатындықтан, манағы сансыз гүлдердің түрлері басқа-басқа тым сүйкімді түрде шығуы, әлігі топырақтың ішінде ойша Еуропа үлкендігінде мағынауи әрі шағын мөлшерде баспалар мен фабрикалар болуын талап етеді. Сонда ғана осыншама тірі маталарды және мыңдаған түрлі-түсті тоқыма өнімдерін шығара алмақ.

Дыбыс жоқ