Табиғат Рисалесі | Табиғат Рисалеci | 14
(10-38)

Мысалға; құмырсқа сондай қызмет алу арқылы Перғауынның зәулім сарайын тас-талқан етеді...қара шыбын сондай байланыстың күшімен Нәмрудты жер жастандырады. Осындай байланыс арқасында құйтақандай қарағайдың дәні әп-әйдік қарағайды нәрмен, жиhаздармен қамтама-сыз етеді.(Сілтеме) Егер мұндай байланыс үзіліп, әлігіндей қызметтен босатылса, әлігі істерге қажетті нәрселерді, жиhаздарды, қару-жарақ, күш-қуатын белінде, білегінде тасуға мәжбүр болар еді. Ондайда, істі, бойындағы аз ғана қуат мөлшері, беліндегі қару-жарақ шамасына қарай атқарады. Әуелгі жағдайда өте оңай атқарған істерді енді осы ретте оны атқару үшін білегінде қалың әскер күші, арқасында патшаның қару-жарақ заводы болуы керек. Әрине, мұндай жағдайды қиялға жүйрік сай-қымазақтардың өзі естісе, қатты уялатын шығар.

(Сілтеме) Сонымен өзара байланыс болса, бір дәнге, Аллаhтан әмір келеді де әлігі дән гажап іс атқарады. Әлігі байланыс үзілген болса, әлігі дәннің зәулім агаш боп жаратылуы үшін жиhазат пен құдірет әрі өнер қажет болар еді. Өйткені, тау етегінде өскен -Құдайдың қудіретінің туындысы алып қарагай агашының барлық ағзалары, жиhазаттары тагдыр туындысы - магынауи дәнінде. Мына зәулім агаштың фабрикасы сол дәннің өзі емес пе? Ішіндегі тагдыры жазылган агаш, құдірет күшімен сыртқа шығып кәдуілгі зат - зәулім қарагайга айналады.

Дыбыс жоқ