Міне, дәл сол сияқты мысалдағы сарайдан аса керемет, тыянақты да таңғажайып, айналасы мүғжизә тәрізді хикметке тола, мына әлем атты сарайға Құдайдан безген жаратылыстанушы ұғымын жақтайтын жабайы адам келеді. Зат-ы Уажиб-үл Ужудтың мүмкіндік шеңберінің тысында да өнер туындылары бар екенін ойламай, ойлағысы да келмей, Иләhи тағдырының жазып-өшіретін тақтасы ретіндегі және Иләhи құдіреттің жарату заңдарының ауысып өзгеретін дәптері тәрізді сондай-ақ, байқа-май қателесіп "табиғат"деп аталып кеткен Иләhи дәстүрлер мен заңдардың жиынтығын, Раббани шеберліктің мазмунын көреді. "Рас, мына нәрселердің пайда болуы үшін бір себеп керек. Әрі олармен мына дәптер сияқты тығыз байланысын да көре алмай тұрмын. Шынында көзсіз, санасыз, құдіреті жоқ мына дәптер, толық Рубубиеттің ісі болып табылатын асқан күшке ие болмаған нәрсе мына істерді атқаруы әсте мүмкін емес. Бірақ мен, Сани-ы Қадимды мойында-маймын; олай болса, ең үйлесімді мына дәптер жаратты және жаратады деймін" дейді. Біз оған жауап ретінде былай дейміз:
Ей, ақымақтықтың шегіне шыққан, мас неме! Табиғаттың ұйығына батқан басыңды көтер, көзіңді аш! Атомнан бастап сонау планеталарға дейін толып жатқан болмыс атаулы сан-алуан тілде -Оның бар екеніне- шәhадат еткендігін әрі саусағымен мегзеп отырған Сани-ы Зүлжәләлді көр... әрі сол сарайды салған, сол дәптерге сарайдың жоспарын жасаған Наққаш-ы Әзәлидің құбылысына зер сал... әміріне құлақ түр... Құранын тыңда... әлігіндей сандырақтан аулақ бол!...