Табиғат Рисалесі | Табиғат Рисалеci | 19
(10-38)

Иә, әлемде болмыс бар,оған күмән жоқ. Он алтыншы нотаның бас жағында айтылғандай болмыстың пайда болуына төрт жолдан басқа жол ақылға келмейді. Міне, төрт жолдың әуелгі үшеуі қисынсыз бекершілік екені толық түрде дәлелденді. Енді төртінші жолға келетін болсақ, бастапқы:

аяты, Зат-ы Уажиб-үл Ужудтың Улуhиетін, барлық нәрсе оның құдіретімен болатынын, жер мен көк оның билігінде, оның тікелей қол астында екенідігін ап-анық әрі сөзсіз түрде көрсетеді.

Ей, себептерге шырмалып, табиғатқа табынған бейшара адам!

Демек, әр нәрсенің мән-мағынасы, табиғаты басқа нәрселер сияқты мақұлық екен; өйткені жаңадан әрі шебер түрде пайда болуда...hәм нәтиже атаулы сияқты жәй себеп-салдарының өзі соңынан жара-тылуда. Сондай-ақ, әр нәрсенің болмысы, жаратылуы үшін көптеген жиhазат пен құралдар қажет. Олай болса, ол табиғатты жасаған және ол себепті жаратқан бір Қадир-ы Мутлақ бар. Ал, мұндай Қадир-ы Мутлақ өзінің жарату мен басқарма істеріне бейшара себептерді араластыруы әсте мүмкін емес. Жоқ, жоқ, ол нәтижені себептерімен бірге өзі ғана жаратады да, есімдерінің көркемдігін оның хикметін көрсету үшін оларға белгілі бір тәртіп, бір жүйе беріп сырт көзге бір себепкер, бір қатысты етеді де болмыстардағы сырт көзге нұқсандық, қайырым-сыздық, кемшілік болып көрінген нәрселердің қайнар көзі ретінде себептер мен табиғатты жаратып, өзінің аса құдіретіне перде еткен. Осылайша атына кір келтірмей намысын қорғап қалады.

Дыбыс жоқ