Табиғат Рисалесі | Табиғат Рисалеci | 21
(10-38)

Алайда баспаға қажетті теру мен басу, яғни дайын әріптерді қалыпқа қоюдан басқа, әлігі теру жұмысынан әлдеқайда мүшкіл болатын жанды мақүлықтың болмысындағы қажетті заттарды әлемнің түкпір-түкпірінен өзіндік өлшеммен, өте дәл әрі белгілі бір жүйемен жасау және тасу сондай-ақ, баспаға беру үшін қайтадан сол баспаны қурған Қадир-ы Мутлақтың құдіреті мен еркіне мұқтаждық туады. Демек, баспа деп ойлау мүлдем мағынасыз сандырақ.

Міне, аталған сағат пен баспа мысалдары сияқты; Сани-ы Зүлжәләл, Қадир-ы Күллі Шей, себептерді жаратқан екен, нәтижені де сол жаратуда. Хикметті түрде нәтижені себептермен ұштастыруда. Әлем құбылыстарының жүйесіне қатысты Аллаhтың әдет-заңдары болып табылатын Иләhи алып жаратылыс заңдарының бір көрінісін сондай-ақ, болмыстағы сол көрінісіне, әншейін бір айна, бір шағылыстырушы қызметін атқарып тұрған болмыс атаулының табигатын өзінің еркімен тағайындаған. Әрі сол табиғаттың денеге ұшыраған жағын қудіретімен жаратқан және болмыс атаулыны әлігі табиғаттың үстінде жаратқан... бір-бірімен шиленістіріп араластырып қойған... Апырым-ай, тым орынды әрі айғақтартармен дәлелденген осы бір ақиқатты мақулдау қиын болып па? 0, тоба, осылай болуы қажет емес пе? Әйтпесе меңіреу, қараңғы мақулық әрі қарапайым манағы себептер мен табиғат деген нәрселерге әрнәрсенің жаратылуы ушін қажетті жиhаздар мен қуралдарды қолына беріп, мына өте хикметті, әрі курделі жумыстарды атқарту оңай ма? Апырым-ай, бул дегеніміз мүмкінсіздік тысында мүмкінсіздік емес пе? Мұны сенің нысап білмейтін ақылыңа жүктеймін.

Дыбыс жоқ