Шағын ауылда екі бірдей бастықтан бастап, сонау бір өкіметте екі патшаға дейін әкімшілікті қолга алу үшін, яғни "Басқаны араластырмау заңы" бойынша адамзат тарихында қырғын қан төгістер болғаны мәлім. Апырым-ай, әлсіз әрі көмекке зәру адамдардағы басқарма мен әкімдіктің көлеңкесі әлсіз, көмекке зәру адамдарда осылай әсер ететін болса, яғни біреуді араластыр-мауын, билікке таластырмауық жанталаса қызғыш-тауын қара, сосын сөзсіз Әкімшілік Рубубиет дәрежесінде; Сөзсіз басқарма ісі Улухиет дәрежесінде; Сөзсіз бағымсыздық Әхадиет қуатында; Сөзсіз тоқшылық Қадириет қуатында, бір Зат-ы Зүлжәләлдің ісінде, оның әкімшілігінде мәжбүр түрде, өте қажет әрі шарт екенін салыстыра алсаң салыстыр.
Ал, сурагыңның екінші жагына келсек, "Кейбір себептер, кейбір ұсақ нәрселердің қүлшылықтарына иеленсе, Мағбуд-ы Мутлақ болып табылатын Зат-ы Уажиб-үл Ужудқа жасалған атомнан бастап планеталарга дейінгі мақұлық-тардың құлшылықтары азайып қала ма?" дейсің.
Жауабы: Мына әлемнің Халиқ-ы Хакимы әлемді бір агаш тәрізді жаратып оның жемісі ретінде саналыларды, ал саналылардың ішінде ең күрделі жемісі —адамды жаратқан. Адамның да өте маңызды жемісі, тіпті, оның жаратылысынан алынатын нәтижесі, жаратылғандағы мақсаты оның шүкір мен құлшылығы болып табылады.