Табиғат Рисалесі | Табиғат Рисалеci | 26
(10-38)

Ал, Құранның ғибадетті тәрк ету тұрғысында қорқынышты да қатаң ескертулері мен ауыр жазаларына келетін болсақ; мәселен, бір патша әкімшілігінің хұқуғын сақтау үшін, қатардағы бір адамның әкімшілігінің хуқұғына зияны тиетін бір қатесіне бола оны ауыр жазаға кеседі. Сол сияқты, ғибадет пен намазды тастаған адам, Сұлтан-ы Әзәл және Әбәдтің әкімшілігі астындағы болмыс атаулының хуқуғына маңызы зор жауыздық әрі қастандық жасайды. Себебі, болмыс атаулының әсемдігі, Жаратушысын мадақтауы мен тәсбих ету жақтарымен көрінеді. Ғибадетті тәрк еткен адам болмыс атаулының ғибадетін көрмейді, көре алмайды, тіпті, жоққа шығарады. Ол кезде, ғибадет жасап, тәсбих етуі арқылы жоғары дәрежелі сондай-ақ, әрқайсысы Самәдәни хат, әрбірі Раббани есімдердің айнасы болып табылатын болмысты, жоғары дәрежесінен түсіргендіктен, түкке турғысыз, мағынасыз, меңіреу де аянышты халде деп көргендіктен олардың намысын таптайды; әсемдігін жоққа шығарып ақырында қастандық жасаган болады.

Иә, әркім әлемді өзінің айнасы арқылы көреді. Аллаhу Тағала, адам баласын бүкіл әлемнің үлгісі, таразысы түрінде жаратқан. Әрбір адамға арнайы мына әлемнен өзіне тән әлем берген. Ол әлемнің өңі, көңіл күйіне қарай өзгеріп отырады.

Дыбыс жоқ