Міне соларды, әлігіндей Хаким-ы Мутлақ, Ерікті Әмірші, әрі өзін жақсы көргізу мен таныту үшін әлемді жаратқан манағы Уахид-ы Әхад, бүкіл әлемнің жемісі болып табылатын адамды және адамның ең құнды жемісі болып табылатын шүкір мен ғибадетті бөтен қолға беруі мүмкін бе? Хикметіне мүлдем керағар түрде жаратылыстың нәтижесін, әлемнің зор табысын мағынасыз әбестік жасай ма?Жоқ, жоқ. Әсте мүмкін емес...
Һәм хикметі мен Рубубиетін бекерге шығара-тындай мақұлықтардың ғибадеттерін басқаларға беретіндей не болыпты? Оған риза бола ма, ұлықсат бере ме?
hәм, өзін тым жақсы көрсеткісі және танытқысы келетінін іс жүзінде көрсете отырып, ең керемет мақұлықтардың шүкіршілігі мен алғыстарын, сүйіспеншілік пен құлдықтарын басқа себептерге беру арқылы өзін ұмыттырып, әлемдегі биік мақсатын жоқка шығаруы мүмкін бе?
-Ей, табиғатқа табынудан /жаратылыстанудан/ бас тартқан жолдас! Басқа айтатының бар ма?
-Бұған қарсы не деуге болады. Әлхәмдүлиллаh, көңілімде күдік қалмады. Сонымен қатар, Иләhи Уахдәниет туралы және Мағбүд-ү Билхақ жалғыз Ол екендігін сондай-ақ, Одан басқалары ғибадет жасауға лайық емес екендігін өте анық түрде, бұлтартпас айғақтармен дәлелдеп бергенің сонша оларды жоққа шығару, Күн мен Айды жоққа шығару сияқты ақиқатқа мүлде қайшы.