Әлігі кәпір, яғни табиғатқа табынушы былай дейді: Сен ғой мені нысапқа кел деп отырсың. Жарайды. Осы кезге дейін жүрген жолым тым қисынсыз әрі зиянды, шексіз усқынсыз әрі жиіркенішті жол екендігін түсіндім. Жогарыда аталган ақиқаттарыңызды естіген адам, егер дені дурыс болса, табигат жаратты деу сандырақ екендігін аңғарады деп ойлаймын. Ал, барлық нәрсені тікелей Уажиб-үл Ужуд жаратты дөу бултартпас шындық деймін.
"Әлхамдүлиллаhи аләл иман"-деп, иман еттім.
Көңілімде бір ғана күмәнім бар, соны айтсам деймін. Аллаhу Тағаланың Жаратушы екенін мақулдаймын; алайда кейбір бірең-сараң себептердің жарату ісіне араласуы, шамалы мадақтауға ие болуы Оның Рубубиетінің салтанатына зияны тие ме? Әкімшілігіне нұқсандық түсе ме?
Ж а у а б ы: Бул менің кейбір шығармаларымда өте толық түрде дәлелденген мәселе. Әкімшіліктің ерекшелігі, бөгде біреудің араласуына жол бермеу. Тіпті, керек десеңіз қарапайым бір әкім, бір қызметкер; басқарма істеріне баласының араласуын жөн көрмейді. Тіпті әкімшілігіме қол сұғады-ау деген оймен кейбір патшалар, халифа болса да өздерінің бейкүнә ұлдарын өлтіруі, "Басқаны араластырмау заңы"-ның әкімшілік ісінде қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді.