Табиғат Рисалесі | Табиғат Рисалеci | 20
(10-38)

Апырым-ай, сағат ұстасы сағаттың бөлшектерін жасап алып, онымен сағат құрастыруы оңай ма, әлде таңғажайып бір машина ойлап тауып, әлігі бөлшектерді соның iшіне салып сағат жасауды машинаның жансыз қолдарына тапсыру оңай ма? 0, тоба! Бұлай болуы мүмкін бе? Жә, мұны нысапсыз ақылыңмен, сен ойла! Сен төрелік ет! Немесе бір жазушы; сия, қалам, қағаз әкелді дейік. Онымен бір кітапты жаза бастауы оңай ма, әлде ішінде қалам, сия, қағазы бар шебер жасалған әрі жасалуы қиынға түсетін тек сол кітапқа тән жазуы бар жазба машинасын құрастырсын да әлігі машинаға "қане, сен жаз" деп өзі араласпауы оңай ма? Бүл дегенің қолжазбадан жүз есе мүшкіл емес пе?

Егер десең: Дұрыс қой, бір кітап үшін жасалган әлігіндей машина жасау көп әуреге салады. Бірақ мүндай машина болса, сол кітаптың нүсқаларын көбейтуге пайдасы тимей ме? Сол жағынан бәлкім жеңілдік болар?

Жауабы: Наққаш-ы Әзәли асқан қүдіретімен өзінің есімдерінің көрінісін үнемі жаңалау арқылы, оларды сан-алуан түрде көрсету үшін болмыс атаулыға өзгеше түр, өзіндік бейне беруде. Тіпті ешбір Самәдани хат басқа бір Раббани кітаптың дәлме-дәл көшірмесі емес. Міндетті түрде басқа мағына білдіру үшін өзге бейнеде болады. Егер соқыр болмасаң, адамның жүзіне зер сал. Атам заманнан бері, бәлкім қияметке дейін осы бір алақандай жүзде, дене мүшелерімен қоса салыстырганда, басқа жүздерден айырмашылығы бар екенін аңғарасың. Демек әрбір жүз, өзгеше бір кітап. Оны тек көркемдеу үшін өзінше бір терушілік, басқа бір қүрастырма, өзге бір жазба керек. Қажетті заттарды әкелу, оларды орналыстыру, hәм басылуына қажетті нәрселерді орнына қою үшін мүлдем басқа баспа орны қажет. Жә, мүмкін емес болса да табиғатқа баспа деп қарадық дейік.

Дыбыс жоқ