Табиғат Рисалесі | Табиғат Рисалеci | 17
(10-38)

Екінші мысал: Мүлде жабайы адам, қалың әскер ордасына тап болады. Өте тәртіпті орданың ортақ әрі бәрі бірге тәлім алып жатқандарын, тәртіпті қимыл-істерін көреді. Бір нөкердің әрекетімен қалың әскер, бір бөлімше, бір топ жауынгер тұра қалады, отыра кетеді, жүгіре жөнеледі. "Атыңдар" бұйрығын алғанда оқ боратқандарын көреді. Мұның ожар әрі жабайы ақылы мына істер бір қолбасшының немесе мемлекеттің немесе патшаның заңымен атқарылып жақтанын аңғара алмағандықтан, жауынгерлер бір-біріне жіппен байланған екен деп қиялдайды. "Мына қияли жіп неткен ғажап еді" деп таңқалады. Содан жүріп отырып Аясофия тәрізді өте сәулетті де керемет мешітке тап болады. Күн жүма екен, мешіт толы мұсылмандар. Бір ғана адамның дауысына тұрып, иіліп еңкейіп сәжде жасағандарын көреді. Мағынауи әрі көктен келген шариғатты және шариғат иесінің әмірлерінен туындаған мағынауи дәстүрлерді ұқпағандықтан, "мына жамагат кәдуілгі жіппенен байланып қалған екен, оларды шырмап ойнатып тұрған таңғажайып жіп деп қиялдайды. Осылайша ол хайуан достарының өзін де күлкіге қарққылып, өзі де масқараболып шығып келеді...

Міне, дәл осы мысал сияқты; Сұлтан-ы Әзәл және Әбәдтің сансыз әскерінің ордасы болып табылатын мына әлемге, яғни Мәғбуд-ы Әзәлидің сәулетті мешіті болып табылатын мына дүниеге, әбден жабайы болып кеткен қырсық әрі Құдайдан безген, табигат ұғымын жақтайтын бір кәпір келеді.

Дыбыс жоқ