Сол бір Сұлтан-ы Әзәлидің хикметінен туындаған әлемнің жүйесінің мағынауи заңдарын, материалдық нәрсе деп ойлап және Рубубиеттің салтанатының заңдар жинағын сондай-ақ, әлігі Мәгбуд-у Әзәлидің алып жаратылыс заңдарын және мағынауи, тек гылыми түрдегі үкімдерін, дәстүрлерін материалдық нәрсе, дене деп қиялдап Иләhи құдіреттің орнына манағы ғылым мен кәламнан келетін тек ғылыми түрдегі заңдарды қою, сөйтіп оларға жарата алады деп қарау, сосын оларға "табиғат" деп әлдеқандай қылып айдар тагу, және Құдайдың құдіретінің көрінісі ғана болып табылатын күшті— құдірет иесі әрі ерікті қадир деп білу, мысалдағы жабайылықтан мың есе бетер жабайылық!...
Сонымен, жаратылыстанушылардың ойдан шығарған, жалған "табиғат"деп жүргендері көп болса әрі рас болса, өнер болуы мүмкін, жасампаз болуы мүмкін емес. Ол бір сурет қой, суретші емес. Үкімдер жинағы, бірақ Әкім бола алмайды. Ол бір жаратылыс заңы, Заңқой бола алмайды. Бүркеніш пердесі болып табылатын мақулық, Жаратқан бола алмайды. Қозғалысқа түскен жаратылыс, Қозғаушы емес. Әсер алушы, Әсер беруші емес. Ол бір заң, Қудірет те емес Қадир де емес. Құралған нәрсе, бірақ Қураған бол уы әсте мүмкін емес. . .