Табиғат Рисалесі | Табиғат Рисалеci | 27
(10-38)

Мәселен, өте мұңлы жабырқау адам, қоршаған ортаны жабырқау, муңайтып көреді. Ал өте көңілді, қуанышты адам, әлемді құлпыртып жайнатып көретіні сияқты; ойшыл әрі терең мағыналы ғибадет және тәсбихпен шугылданған адам, болмыс атаулының негізгі және ақиқат түрін яғни ғибадеті мен тәсбихтарына біршама көзі жетіп, аңғара алады. Қапы қалған немесе Құдайдан безіп ғибадетті тәрк еткен адам; болмыс атаулының шынайы әсемдіктеріне кереғар, үйлеспейтін, әбес түрде түсініп, олардың хуқуғына ойша қастандық жасайды.

Сонымен қатар, мұндай намаздан безген адам, өзіне-өзі би-патша бола алмагандықтан, би-патшасының бір құлы болып табылатын бойындағы нәпсісіне зұлымдық жасайды. Оның би-патшасы, құлының ақысын оның жүгенсіз нәпсісінен алу үшін қатаң естерту жасап қорқытып қояды.

Сондай-ақ, адам баласының жаратылысынан алынатын нәтижесі әрі жаратылғандағы мақсаты болып табылатын ғибадетті тәрк еткендіктен Иләhи хикметке әрі Раббани тілекке қарсы жауыздық болып саналады. Сол үшін жазаға тартылады.

Сонымен, әлігі ғибадетті тәрк еткен өзінің нәпсісіне де қастандық етеді; ал, нәпсі болса Аллаhу Тағаланың қулы әрі мәмлукі. hәм, бүкіл әлемнің әсемдігінің хуқұғына қол суққан, нәтижеде зүлымдық болып шығады.

Дыбыс жоқ