Һәм, Уахдеттің сырымен бір ағашқа қажетті заттар бір тамырдан, бір орталықтан, бір заңмен беріліп отырғандықтан, мыңдаған жеміс беретін әлігі ағаш, бір жеміс сияқты оңай атқарылғанын көзімізбен көріп жүрміз. Егер жагдай Уахдеттен Кесретке өзгерсе, яғни әр жеміске қажетті заттар басқа басқа жақтардан берілсе, әрбір жеміс бір ағаш сияқты қиындық тудырады. Өйткені бір агаштың тіршілігіне қажетті заттар, бір дән үшін де қажет.
Міне, осы мысалдар тәрізді жүздеген мысалдар бар. Олар, Уахдетте өте оңай пайда болатын мыңдаган болмыс; ширк пен кесреттегі бір ғана болмыстан әлдеқайда оңай болатынын көрсетеді. Бұл ақиқат басқа еңбектерімде айдан анық, дәлелді түрде баяндалғандықтан, қазір осы бір жеңілдік пен оңайлыққа Иләhи ғылым мен тагдыр және Раббаии құдірет тұрғысынан қарап, осы терең де маңызды сырды ашуға тырысамыз.
Сен бір болмыссың. Егер өзіңді Қадир-ы Әзәлиге берсең, сіріңке шаққандай; асқан құдіретімен, бір ғана әмірімен, бір сәтте сені жоқтан бар етеді.