Міне, Уахдетте асқан оңайлық, ал далалет пен ширкте қыруар қиындықтар пайда болатынын түсін, аяты қаншалықты дұрыс, ақиқат әрі ұлы шындықты білдіретінін уғып ал!
Үшінші сурағым: Заманымыздың алдыңғы қатарлы философтары былай дейді: "Жоқтан ешнөрсе пайда болмайды, бар нәрсе жоқ болмайды; "әлем" фабрикасын жумыс істеткізіп тұрған тек қосылу мен ыдырау бар."
Жауабы: Дене—табиғи немесе себептердің салдарынан пайда болды дейтін, Құранның нұрынан қашқан философтардың белсенділері, ол жолда кездесетін -жогарыда дәлелденгендей- ақылға сыймайтын қисынсыздықтарды көріп, екі топқа бөлінді.
Бірінші топ. Бұлар түңілушілер деп аталады. Олар адамның ерекшеліктерінің бірі - ақылдан бас тартып, хайуаннан бетер төмендеп бүкіл әлемді, тіпті өздерін де жоққа шығаруды... далалет жолындағы себептер немесе табиғат жаратты дегеннен әлдеқайда оңай екенін түсінген, баста өздерін сосын әлемді жоққа шығарып әбден көрсоқырлыққа салынды.
Екінші топ. Бұлар, далалет жолымен себептер немесе табиғат жаратты дейін десе, бір ғана шыбын немесе бір ғана дәннің жаратылуы үшін қыруар қисынсыздықтар пайда болатынын, әрі ол үшін ақылға сыймайтын алып құдірет қажет екендігін байқаған. Сондықтан шарасыздан "жарату" дегенді жоққа шығарып, "жоқтан бар болмайды" дейді, жоқ болуды да қисынсыз санап, "бар нәрсе жоқ бол-майды" дейді. Тек қана атомдардың қозғалысының салдарынан әрі кездейсоқтықтың әсерінен ыдырау және қосылу, түрлену және шартты шоғырлану бар, сол арқылы белгілі күйге енеді, -деп ойламайды.