Табиғат Рисалесі | Табиғат Рисалеci | 31
(10-38)

Егер өзіңді оған бермесең, қандай да бір материалдық себеп-терге немесе табиғатқа сүйесең, ол кезде сен бүкіл әлемнің жинақы қорытындысы, жемісі мен кішкене мазмұны, тізімі болғандығыңнан; сені жарату үшін бүкіл әлемді, ондағы элементтерді өте майда елекпен елеп, дәлмә-дәл өлшемдермен әлемнің түкпір-түкпірінен сенің бойыңдағы заттарды жинастыру қажет болады. Себебі, материалдық себеп тек қана реттеп жинастырады. Өзінде жоқ нәрсені қайдан тапсын. Себептердің жоқтан бар жасай алмайтыны әркімге мәлім. Олай болса, ұсақ бір жәндіктің болмысын әлемнің түкпір-түкпірінен жинастыруға мәжбүр.

Міне, Уахдет пен Тәухидте неткен жеңіл әрі оңай іске асатынын, ал ширк пен азғындықта неткен қиын әрі мүшкіл атқарылатынын түсін!

Екіншіден: Бұл мәселегеғылымитүрғыдан қараганда жеңілдік пайда болады. Тагдыр-ғылымның бір түрі. Ол әр нәрсеге мағынауи, өзіндік қалып сияқты өлшемін белгілеп қояды. Әрі сол тағдырдың белгілеген өлшемі әлігі нәрсенің болмысына бір план, бір модель орнына жүреді. Құдірет жаратар кезде; өте жеңіл түрде манағы тағдырдың белгілеген өлшемге қарай жаратады. Егер әлігі нәрсе, телегей теңіз әрі соңсыз ілім иесі Қадир-ы Зүлжәләлға берілмесе; -жоғарыда аталған-дай мың емес миллиондаған қисынсыздықтар пайда болады. Себебі, әлігі тағдырдың белгілеген өлшемі мен ғылыми өлшем болмаса, бір жәндіктің болмысын жасау үшін мыңдаған сырттай және материалдық қалыптар қолдануға тура келеді.

Дыбыс жоқ