Табиғат Рисалесі | Табиғат Рисалеci | 34
(10-38)

Бірі: Ихтира және ибда, яғни, ештеңеден, жоқтан бар ету, бар болған соң оған қажетті әрнәрсені жоқтан бар етіп қамтамасыз ету.

Екіншісі: Инша және сан’ат арқылы, яғни, хикмет толы әсемдігін және көптеген есімдерінің қубылысын көрсету сияқты, өте нәзік хикметтер үшін кейбір болмысты әлемдегі элементтерден, бөлшектерден құрау. Барлық әміріне құлдық ұратын атомдар мен заттарды, өзінің Рәззақиет заңымен керекті жерге жөнелтіп, ол жерде жұмыс істетеді. Иә, Қадир-ы Мутлақтың екі түрлі, яғни ибда мен инша дейтін жаратуы бар. Бар нәрсені жоқ қылу, жоқ нәрсені бар қылу; тым оңай әрі өте жеңіл, тіпті, әрдайымгы жалпыға ортақ заңы болып табылады. Көктем маусымында жанды мақұлықтардың үш жүз мың түрін, бөлек пішінде, өзге сипатта, тіпті, олардың бөлшектерінен басқа барлық күй және ахуалдарын жоқтан бар еткен құдіретке қарсы келіп, "жоқты бар ете алмайдьГ-деген адамның өзі жоқ болуы керек.

Табиғатты тастап ақиқатқа бастаған адам, енді былай дейді: Әлемде қанша атом бөлшектері болса, Құдайға сонша шүкір етемін әрі мадақтау мен марапаттау бір Аллаhқа тән. Кәміл иманға қолым жетіп, жүрегімді торлаған күмәндардан құтылдым, көңілімде күдік атаулы қалмады...

Дыбыс жоқ