Табиғат Рисалесі | Табиғат Рисалеci | 28
(10-38)

Иә, атеизм болмыс атаулыға жасалған жауыздық екендігі сияқты, ғибадеттен қашу да әлемнің әсемдігін жоққа шығару. Әрі, Иләhи хикметке қарсы келу болғандықтан қатаң ескерту-лерге және ауыр жазаға лайық.

Міне, осы бір хұқүқты және жоғарыда аталған ақиқатты білдіру үшін Қасиетті Қүран Керім, мүғжизәлы түрде осындай қатаң түсіндірме тәсілін пайдалана отырып нагыз шешендікке тән, орынды сөйлеуді өте тамаша қолданған.

Екінші сурағым: Болмыс атаулы қай жағынан болмасын, ісінде де өзінде де сипатында да Аллаhтың еркінде, оның құдіретіне тәуелді екені ұлы ақиқат қой. Үлы болғаны сондай таяз ақылымызға сыймайды. Әйтсе де көз алдымыздағы мына телегей теңіз молшылық hәм болмысты жаратардағы шапшаңдық пен жеңілдік сондай-ақ, жоғарыда аталған айғақтармен дәлелдегеніңіз уахдет тұрғысындағы оңайлық пен жеңілдік, hәм Құранда баяндалғандай:

сияқты аяттарының анық түрде көрсеткен өте жеңілдіктер, әлігі ұлы ақиқаттың өте орынды да дүрыс екендігін қуаттай түседі. Бұл жеңілдіктің сыры мен хикметі не?

Жауабы: Біріншіден; Жиырмасыншы Хаттың оныншы кәлимәсы болып табылатын

Дыбыс жоқ