Егер мұндай байланыс үзілсе және әлігіндей қызмет жүгенсіз, болмыс атаулы өзімен-өзі болып немесе табиғатқа қалса, ол кезде шешілмейтін түйіндерге, ақылға сыймайтын мүмкінсіздіктерге көз жұмып, шыбын тәрізді жәндіктің әлемнің шағын үлгісі тәрізді таңғажайып машинадай болмысын жаратқан, ішіндегі меңіреу табиғатта, әлемді жарататын құдірет пен хикмет бар екенін мақұл дауға тура келеді. Бұл дегеніміз бір емес, бәлки мың есе қисынсыздық.
Сонымен, мынадай қорытындыға к е л е м і з: Зат-ы Уажиб-үл Ужудтың серігі мен теңі жоқ, болуы да мүмкін емес. Сол сияқты оның құдіретіне және болмысты жарату ісіне өзгенің араласуы, серігі болуы мүмкін емес, бүл дегеніңіз қисынсыз әрі жөнсіз де.
Ал, екінші жөнсіздіктегі мүшкілге келетін болсақ; көптеген еңбектерімде дәлелденгені сияқ-ты, егер болмыс атаулы Уахид-ы Әхадқа берілсе, баршасы бір ғана болмыстай жеңіл әрі оңай болады. Егер іс себептерге, табиғатқа қалса, бір ғана болмыс, барша болмыс сияқты қиындық тудыратыны көпте-ген бүлтарпас айғақтармен дәлелденген болатын. Солардан біреуін ғана қысқаша баяндайтын болсақ; мәселен, біреу, патшаға әскер немесе қызметші болып байланса, сол байланыстың арқасында күш-жігері жүз мың есе артып, атқаратын қызметінен әлдеқайда көп істер тындырады. Кейде патшаның атынан ол басқа бір әкімді тұтқындай алады. Өйткені атқаруға тиісті істері мен жумыстарына қажетті жиhазат пен керек жарақтарды өзі тасымайды, тасуға да муқтаж емес... Қалыптасқан байланыс жүйесі бойынша патшаның қазыналарын сондай-ақ, оның әскерімен оның да сыртында турған тірек қызметтеріне арқа сүйейді. Демек, атқарған істері тап-туйнақтай, бейне бір патшаның ісі сияқты немесе қозғалысы бір орданың қозғалысы тәрізді таңқаларлық боп бітеді.