Табиғат Рисалесі | Табиғат Рисалеci | 12
(10-38)

Міне табиғаттанушылардың дінсіз үғымы неткен қисынсыз екенін ақылга салып сарапта. Сөйтіп табиғатты өздеріне "жаратушы" жасап, оны "табиғат ана" деп жүрген адам бейнесіндегі есерсоқтардың өздерін "ғылым адамымыз, ақылдымыз" деп көкірек қағуы олардың ақыл мен ғылымнан қаншалықты қол үзіп қалғандарын, болмашы аңыз ертегіні өздерінше мамандық деп білгендеріне қарап күл де түңіл!

Былай деп сауалдауыңыз мүмкін: Егер жаратылыс атаулы табиғатқа берілсе, қыруар қисынға келмейтін жөнсіздіктер пайда болады екен. Апырым-ай, бұларды Әхад әрі Сәмәдке бергенде аталған қиындықтар қалай жойыла қояды? Манағы толғауы жоқ мүмкінсіздіктер қалай жеңілдікке айнала қояды?

Жауап: Бірінші мысалда, есіңізде болар, Күн сәулесінің шағылысы еш қиындықсыз кіп-кішкене атомнан бастап, тым үлкен теңіз бетіне дейін өзінің нұр сәулесін, әсерін, өзі тектес кішкене мысали күндер арқылы көрсетеді. Егер оның күнмен арасындағы байланысы үзілсе, онда әрібір бөлшекте табиғи, кәдуілгі күннің сыртқы пішінін мүмкін болмаса да амалсыз қабылдауға тура келеді. Сол сияқты әрбір болмыс тікелей Зат-ы Әхад пен Сәмәдқа берілсе, өте оңай әрі жеңілдік пайда болып бір мансап, бір құбылыс пайда болады да сол арқылы бүкіл болмысқа не керек болса, сонымен қамтамасыз етіледі.

Дыбыс жоқ