Табиғат Рисалесі | Табиғат Рисалесі | 4
(1-9)

Біріншісі: Көз алдымызға бір дәріхана елестетейік. Дәріхананың сөресінде дәрі-дәрімек жасауға қажетті заттар толтырылған жүздеген құтылар. Бізге әлгі заттардан жаны бар қоймалжың дәрі, сондай-ақ у қайтарғыш тірі таңғажайып дәрі жасау қажет бол ды дейік. Осы ниетпен дәріханаға кіріп едік, манағы таңғажайып дәрілер көп-ақ екен. Жаны бар қоймалжың дәріні зерттей бастап едік манағы құтылардың әр қайсысынан өзіндік бір таразымен өлшенген бір-екі грамм анадан, алты-жеті грамм мынадан тағы сол сияқты... көптеген мөлшерде заттар алынған екен. Егер, біреуінен бір грамм артық не кем алынса, манағы дәрі жандылығын жоғалтып, қасиетінен айырылар еді. Содан әлгі у қайтарғыш таңғажайып тірі дәріні де зерттеп едік, әрбір құтыдан өзіндік таразымен заттар алынғаны сондай, олардан зәррәдей артық кетсе, манағы дәрі өзінің қасиетін жоғалтады. Бейне бір әлгі жүзден аса құтылардың әр қайсысынан түрлі таразылармен өлшеніп алынғандай құрамы сан-алуан заттардан жасалған. Апырым-ай, манағы қутылардан алынған өлшемдер, құтылардың ғажап кездей-соқтықпен немесе аласұрған дауыл соғып шайқал-уының нәтижесінде әрқайсысынан белгілі ғана мөлшерлердің ағуынан, бірігіп тоғысуынан пайда болуы әсте мүмкін бе? Бұдан асқан ақымақтық, бүдан асқан қисынсыздық бар ма? Есек екі рет есекке айналып соңында адам болса, сөйтіп мұны естісе "жоқ, мүмкін емес,"- деп тұра қашар еді.

Міне, осы мысал сияқты... әрбір жанды мақұлық— әрине жаны бар қоймалжың бір дәрі, әрбір өсімдік— у қайтарғыш таңғажайып бір дәрі. Құрамы сан-алуан бөлшектерден, түрлі-түрлі заттардан құралған оларды, егер себептер, элементтер жаратты десе; дәл манағы дәріханадағы қоймалжыңның, құтылардың қулап кетуінен пайда болуы сияқты ақылға сыймайтын ақымақтық.

Дыбыс жоқ