Ей адам! Есіңде болсын жұрт аузында дінсіздіктің лебі есетін қорқынышты сөз бар. Онысынан бейхабар имандылар да бұл сөздерді қолданып қалады. Солардың маңыздыларынан үшеуін баяндап берейін.
БІРІНШІСІ: "Әужәдәтhүл- әсбаб", яғни денені себептер жаратады.
ЕКІНШІСІ: "Тәшәккәлә би нәфсиhи", яғни "Өзінен-өзі болады."
ҮШІНШІСІ: "Иктизатhүл табиғат", яғни "табиғи мұқтаждық" немесе "табиғат - муқтаждық туғызу арқылы зат жасайды."
Иә, Әлемде дене бар. Оны ешкім де жоққа шығара алмайды. Сондай-ақ, әрбір дене шебер әрі хикметті түрде пайда болуда. hәм, мәңгілік емес, сондықтан жаңадан жаңғырып отырады.
Олай болса, әй, дінсіз! Қандай жағдайда болмасын сен: "Мына болмысты, мәселен, мына хайуанды себептер жаратты, яғни себептер жиналып дене жаратты дейсің, болмаса өзінен-өзі пайда болуда немесе табиғаттың әсерінен пайда болуда... не болмаса Қадир-ы Зүлжәләлдың құдіретімен жаратылуда." -деуге мәжбүрсің.
Сонымен, ақылға салар болсаң аталған төрт жол дан басқа жол жоқ. Әуелгі үш жол жөнсіз, бұрыс әрі бос аңыз екендігі толық дәлелденсе, шарасыз қалып, амалсыз түрде төртінші жол— Уахданиет ұғымы, шүбәсіз де күмәнсіз дәлелденген болып шығады.
Ал, енді "себептер туындатады" деген бірінші жолға келейік. Мұның қисынға келмейтін қыруар жақтары бар. Олардан тек үшеуін ғана баяндаймыз.