Табиғат Рисалесі | Табиғат Рисалесі | 5
(1-9)

Түйін: Мына әлем атты алып дәріханада Хаким-і Әзәлидің тағдыр мен қаза таразысымен өлшеніп алынған жанды заттар, тек шексіз хикметпен, соңсыз іліммен және барлық нәрсеге шамасы жететін қудірет арқылы ғана пайда бола алады. "Соқыр, мылқау, шегін білмей селдей аққан элементтер немесе табиғат я болмаса себептер жаратты" дейтін бейбақ, әлігі құтылар өзінен-өзі қулап кетіп тоғысты да таңғажайып дәрі пайда болды" деген есуастан бетер ақымақ. Иә, мундай күпірлік есі ауысқандар мен көзі қызыл мастарға тән сандырақ.

Екіншісі: Егер жаратылыс атаулы Уахид-ы Әхадқа берілмей, себептерге жүктелсе, онда әлем-дегі барлық элементтер мен себептердің күллі жанды мақұлықтардың болмысына қосқан үлесі мен қатысы болуы тиіс. Алайда, шыбын сияқты өте ұсақ бір мақұлықтың болмысында сан-алуан бір-біріне қарама-қарсы себептердің асқан тәртіптілікпен жүйелі түрде бас қосуы мүлдем қисынсыз екені сондай, тауықтың миындай ақылы бар адам, "жалған, олай болуы мүмкін емес" дейді. Рас, бір шыбынның шағын болмысы, әлемнің көптеген элементтерімен, себептерімен тығыз байланысты, тіпті оның бір түйіні болып табылады. Егер Қадир-ы Әзәлиге берілмесе, әлігі материалдық себептер шыбынның болмысының жанында өзі болуы қажет, тіпті оның усақ болмысына енуі керек. Болмысының кішірейтілген өрнегі саналатын көзіндегі бір жасушаның (клетка) ішіне енуі қажет. Өйткені, себеп материалдық нәрсе, олай болса нәтиженің жанында әрі ішінде болуы қажет. Бұл дегеніміз екі шыбынның қылдай жіңішке аяқтары сыйыспайтын бір жасушада әлемнің элементтері, табиғаттар, ірі құбылыстар тоғысып, ұста сияқты ішінде қашау қашағандарын қабылдау керек.

Міне, нағыз сарыуайымшыл ақымақтардың өзі де мундай көзқарастан ұялады.

Дыбыс жоқ