Табиғат Рисалесі | Табиғат Рисалесі | 7
(1-9)

Біріншісі: Әй, қасарысқан атеист! Тәкәббар-лығың сені ақымақ қылғаны сондай, жүздеген жөнсіздікті бірден қабылдауды жөн санайсың. Өйткені, сен барсың әрі қарапайым қара тас емес, үнемі қозғалыста болатын тыянақты машина, немесе тоқтаусыз жаңарып отыратын таңғажайып керемет зәулім сарай сияқтысың. Сенің болмы-сыңдағы атомдар (молекулалар) әрдайым қозғалыста. Сенің мына болмысың бүкіл әлеммен, әсіресе қоректену жағынан, нәсілін жалғастыру тұрғысынан өзара тығыз байланысты. Болмысыңда қозғалыста болған атомдар (молекулалар), манағы байланысты үзбеу, қарым-қатынасты бұзбау үшін, ақырын қимылдауда. Абайлап, мұқият түрде қозғалыс жасайды. Бейне бір бүкіл әлемді көріп тұрғандай. Сенің әлеммен араңдағы қатынасты көріп, соған қарай күйге енеді. Сен де ішкі және сыртқы мүшелеріңмен әлгі атомдардың ғажап күйлеріне қарай байланыс қүрасың. Егер сен, болмысыңдағы атомдарды Қадир-ы Әзәлидің тіл алғыш қызметшілері, тәртіпті әскері, сондай-ақ тағдыр қаламының ұштары, яғни әрбір атом белгілі бір қалам ушы, құдрет қаламының нүктелері, яғни әрбір атом бір нүкте екендігін мойындамай, қарсы шықсаң, ол кезде белгілі бір іс атқарған әлігі атомға сондай бір көз тағу керек, ол көз сенің тула бойыңды көретіні сияқты бүкіл әлемді де көре алатын қабілеті болуы керек. Әрі сенің болашағың мен өткеніңді, шыққан тегіңді, нәсілің мен асылыңды, құралған бөлшектерінің қайнар көзін сондай-ақ немен қоректенетінін білетін, тасқан ақылы, жүздеген ғұламалардың санасындай санасы болуы керек. Бұл тұрғыда ұғымы таяз сен сияқты бір адамның бір атомына мыңдаған Платонның ілімін беру бір емес мың есе ақымақтық.

Дыбыс жоқ