Үшіншісі: Егер сенің болмысыңды Уахид-ы Әхадтың қаламымен жазылган бір хат демей, табиғи немесе себептерден пайда болған баспа жазу десе, онда денеңде кішкене жасушадан бастап сонау толып жатқан қоспалар үшін саны қанша болса сонша табиғаттың қалыптары болуы қажет. Өйткені, мәселен, мына қолымыздағы кітапты хат деп алатын болсақ іс оңай. Бір ғана қалам, жазушының іліміне сүйеніп әп-сәтте жазар еді. Ал, егер ол, хат болмай да оның қаламына сүйенбесе, яғни өзінен-өзі пайда болды немесе табиғат жаратты десе ол кезде оның басылуы үшін бір кітап сияқты әрбір әрпіне арнайы бір темір қалам қажет. Баспаларда әрбір әріптің арнайы қалыбы болатыны мәлім, сонда ғана әлігі әріптер шығады. Мундай жағдайда бір қаламның орнына қанша әріп болса сонша қалам болуы қажет. Тіпті кейде бір бас әріптің үстіне майда жазумен бір бет өлең жазылады, ондай да бір әріп үшін мыңдаған қалам қажет болады. Егер ол жазулар бір-бірімен араласа үйлесіп сенің денең сияқты пішін алатын болса, ол кезде әрбір жерінде әрбір бөлігі үшін манағы қоспалардың шамасындай қалыптар қажет. Жә, осы бір түйіні көп қисынсыз нәрсені мақұлдасаң да мына тыянақты да шебер жасалған темір әріптерді, мына керемет қалыптар-ды, қаламдарды жасау үшін қайтадан бір қаламға берілмесе әлігі қалыптар, қаламдар, темір әріптер жасау үшін олардың шамасындай қалам, қалып, әріп жасау қажет. Қалай десеңіз оларда жасалған әрі өте шеберлі жасалған т.с.с... Осылайша сабақтасып кете береді.