болашағын жарқырататын, мәужудат пен достарының фирақ пен зауалынан пайда болған жараларына дәрі жағатын Рахманы Рахымның Рахметінің ілтипатын және хидаят нүрын көріп сүрау... Әрі уақытша оны үмытқан және жасырынған дүниені ол да үмытып, дерттерін қалбының жылауымен Рахмет қүзырында төгіп...
Әрі қашан келетіні белгісіз болған өлімге ұқсаған ұйқыға кіріспей түрып, соңғы қүлшылық міндетін орындап, күнделікті амал дәптерін жақсы аяқтау үшін Намазға түру, яғни пәни болған барлық жақсы көргендерінің орнына бір Мағбуды Бақидың, бір Махбубы Бақидың және барлық қайыршылық еткен әлсіздерінің орнына бір Қадыры Кәрімнің және барлық зиянды нәрселердің жамандықтарынан діріл-деуден құтылу үшін бір Хафызы Рахым-ның қүзырына шығу... Әрі Фатихамен бастау, яғни ешбір нәрсеге жарамаған және орнында түрмаған кемшілігі көп, пақыр мақүлықтарды орынсыз мақтаудың және миннеттар болудың орнына бір Кәмілі Мүтлақ,Ғани Мүтлақ, Рахым және Кәрім болған Әлемдердің Раббысын мақтау және мадақтау... Әрі