Иә, әлгі шексіз қайырымды жомарттық, манағы әсем жәмал, сол бір кемшіліксіз кемалат, мәңгілік алғыс білдірушілерді, құмарларды, унатушыларды керек етеді. Алайда, мына қонақжай дүниеде әр нәрсе тез келіп, жылдам көзден таса болуда. Әлгі жомарттықтын жарылқауын азғана дәмін татып, тәбеті ашылады да бірақ жемейді кетіп қалады. Тіпті, манағы жәмал мен кәмалдың көркіне, оның көмескі көлеңкесіне бір сәт қарап, тоймастан кетіп жатыр. Демек, мәңгілік серуенжайға бет алуда. Қорытынды: мына әлем барлық болмысымен Сани-ы Зүлжәлалра толық дәлел болғаны сияқты, Сани-ы Зүлжәлелдың да сипаты мен ұлы есімдері ахирет жәйінің бар екеніне толық дәлел болып, оны көрсетеді әрі керек етеді.
БЕСІНШІ АҚИҚАТ:
Мужиб әрі Рахим есімдерінің шағылысы болған Мейірім мен Мұхаммедтің (Р.С.М.) құлдығының бабы яғни қақпасы.
Өте қарапайым бір мақұлығының өте қарапайым қажеттілігін көріп, асқан мейірімділікпен күтпеген жерінен қамтамасыз еткен және көзге көрінбейтін мақұлығының құлаққа естілмейтін даусын естіп медет берген хал-күйімен, сөзбенен сұралған әр нәрсеге жауап берген шексіз мейірім мен қамқорлық иесі- Раб,