ӨЛIМ ЖӘНЕ МӘҢГIЛIК | ӨЛIМ ЖӘНЕ МӘҢГIЛIК | 48
(1-148)

Иә, мысалдағы жануарлардың дәрменсіздеріне, төлдерінің өсіп жетілуіндегі қамқорлық пен жеңілдікке қараңыз. Бұл бізге мына әлемнің иесі, шексіз Рахметпен Рубубиет жасайтындығын көрсетеді. Рубубиетінде жасалған мұндай қамқорлық; мақұлықтардың ең абыройлысының өте керемет дұғасын қабыл алмауы әсте мүмкін бе? Бұл ақиқатты Он тоғызыншы Сөзде түсіндірген болатынмын, орайы келген соң қайталай кетейін.

Әй, нәпсіммен бірге мені тыңдаған достым! Тәмсіли хикаяда былай деген болатынбыз: Анау бір аралда жиналыс бар...Бір Явер-і Әкрәм жарлық оқып тұр. Бұл жерде мегзеп отырған ақиқат мынау: Кел, осы заманнан шығып, пікірге мініп Ғасыр-ы Сағадетке, қиялды ерттеп Арабстан шөлейттеріне барамыз. Сонда Расул-ы Әкрәмді (Ғаләйhиссалату Уәссәлам) міндет атқару үстінде, құлдық ұрып жатқанын көріп, зиярат етеміз. Қараңыз, Ол; пайғамбарлығымен, хидаетімен мәңгі бақыттын орнауына басты себеп болды, әрі оған бөленуге ұйытқы болды, сол сияқты өзінің құлдығымен, дұғасымен әлгі бақыттың бар болуына себеп әрі жәннаттың жаратылуына себеп болды.

Міне, қара! Ол, Үлы бір намазда, бір қасиетті құлшылығында, мәңгі бақыт үшін дұға етіп жатқаны сондай, бейне бір мына арал, тіпті жер шары оның үлкен намазымен намаз оқиды, жалбарынады.

Дыбыс жоқ